Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты елде локдаун енгізіле ме деген сұраққа жауап берді.
"Бүгінде ел аумағында локдаун енгізу жоспарланып отырған жоқ. Бүгінгі күні қабылданған шектеу шаралары денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені төмендетуге, өлім-жітімді азайтуға, халыққа шұғыл көмекті қолжетімді етуге бағытталған", деді Ғиният брифингте.
Айтуынша, одан кейінгі шектеу шаралары әр өңірдің эпидемиологиялық жағдайына байланысты сараланған түрде қолданылады.
Біз осы жылдары шектеу шараларын болжауды, жоспарлауды үйрендік, деді Ғиният.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии