Алматы қалалық ХҚКО-лары өз жұмысына кірісті.
Цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қалалық ХҚКО-лары 11 қаңтардан қызмет көрсете бастады. Клиенттерге төлқұжат пен жеке куәлік рәсімдеу, көші-қон қызметтерінен өзге барлық мемлекеттік қызмет қолжетімді. ХҚКО-лар дүйсенбі жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді.
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері басқа міндеттерді орындап жатқандықтан, әзірге еліміздегі барлық мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысы тоқтап тұр.
Қазіргі таңда ХҚКО-лар тек Алматы облысында жұмыс істемейді.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии