Қазақстанда халық санағынан өтпегендер үшін заңда жаза қарастырылған, деп хабарлайды krisha.kz.
Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 497-бабында мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбағаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Яғни, өзі туралы деректерді ұсынбаған азаматтарға 10 АЕК – 29 170 теңге айыппұл салынады.
«Иә, ондай бап бар. Алайда ол бап бұрын қолданылып көрмеген. Іс жүзінде ешкімге айыппұл салынған емес. Бұл жолыда санақтан өтпеген адамдарды жазаламаймыз. Санақтан өту – азаматтық парыз екені жөнінде кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргіздік және әлі де жүргізіп жатырмыз», – дейді «Халық манағы-2021» шарасының ресми өкілі Олжас Сайлаубекұлы.
Айта кетейік, негізгі санақ 30 қазанда аяқталды. Енді 8 қарашаға дейін үйлерді аралау жұмыстары жүргізіледі.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии