ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев "Астана LRT" ісі бойынша айыпталушыларды іздеуге қатысты сұрақтарға түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қылмыстық істі біз емес, Ішкі істер министрлігі тергеп жатқан жоқ. Ал Интерпол желісі бойынша іздеу жарияланды, біз олармен бірге іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатырмыз, - деп атап өтті ІІМ басшысы Мәжілісте.
Министр айыпталушылардың неге ұзақ уақыт бойы іздестірілмегенін түсіндірді.
Шетелде жүрген адамды ұстау – біздің елде жүрген адамды ұстау сияқты процедура емес. Біздің жедел қызметкер шетелге шыға алмайды, онда қандай да бір жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізе алмайды. Бұл, біріншіден, сол адам жасырынған елмен арадағы келісімге байланысты. Екіншіден, жасырынып жүрген елдің құқық қорғау органының келісімі, яғни қылмыскерді ұстап беруге олардың келісімі болуы керек. Сондықтан ондай процедуралық мәселелердің барлығын Бас прокуратура шешеді, деді Ерлан Тұрғымбаев.
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сұрауы бойынша іздестіріліп жатқан Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековтың (Астана әкімінің бұрынғы орынбасары) ҚР ІІМ Интерпол арналары бойынша халықаралық іздеуге жарияланғаны белгілі болды.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 28 мамырда Нұр-Сұлтанда "Астана LRT"-дегі ұрлық ісіне нүкте қойылды.
"Астана LRT" компаниясымен жұмыс істеген жеті экс-шенеунік пен компания қызметкерлері жеті жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге сотталды.
"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ардан мен елорда әкімінің бұрынғы орынбасарына халықаралық іздеу жарияланды.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии