"Ватсапта “оқушыларға ата-анасының келісімінсіз вакцина егіп жатыр екен” деген қауесет желдей есіп жүр. Астанада вакцинаға қарсы бір топ адам, оның ішінде ел іші жақсы білетін Айна ханым да мектепке рұқсатсыз кіріп, тексере кеткен деседі. Видеоларын көрдім. Қысқаша айтсам.
1. Сабақ болып жатқанда бөгде адамдар қалай кіріп кеткен, неге шу шығарған? Бұл енді оқу процесіне кедергі жасау.
2. Мектепте вакцина қабылдамау немесе қабылдауға қатысты үгіт-насихат жүргізілмейді. Ал егер жүргізілетін болса онда тек Білім және ғылым министрлігінің рұқсатымен ғана. Бірақ менің ойымша балаларға ондай үгіт айтылмайды, өйткені рұқсат мәселесін бала емес, ата-ана қабылдайды ғой. Сондықтан өзгелердің кіріп, ондай іспен айналысуы әрине дұрыс емес деп санаймын.
3. “Мектеп оқушыларына вакцина салып жатыр екен” деген енді ақылға қонымсыз. Мен коронаға қарсы вакцинаны айтып отырмын. Оқушылар мен жүктілерге арналған вакцина деп бізде Пфайзерді айтып жүр, бірақ ол әлі әкелінбеді. Уәдені әне-міне деп үйіп-төккен Цой әлі оны әкелмеді. Қашан әкелетіні де нақты белгісіз. Сондықтан оқушыларға вакцина салу уақыты да белгісіз.
Оқушылардың миын ашытпай, білім алуына кедергі жасамайық. Вакцинаны құптаушылар мен оған қарсылар, жалпы кім болса да баланы саяси ойынға пайдаланбаған дұрыс. Оқушы мектепте білім алуы тиіс, тыныштықта. Олар үшін шешімді ата-ана қабылдайды, әлі әкелінбеген вакцинаны салып жатыр деген өтірік сөзді таратпау қажет"
Асхат Қасенғали, блогер
Дереккөз: facebook
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии