Белградта бокстан әлем чемпионатының өтіп жатқанына - екінші күн, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстандық жанкүйерлер турнирдің кешкі сессиясының басталуын асыға күтті. Кешкі бағдарлама 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, өзбекстандық Хасанбой Дусматов пен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері қазақстандық Сәкен Бибосыновтың жекпе-жегімен басталды.
Қазақстандық үш раундта да басымдыққа ие болып, жекпе-жекті жеңіспен аяқтады. Осылайша, Белградта өткен әлем чемпионатының алғашқы сенсациясын Сәкен Бибосынов ұсынды.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии