Қазақстанның бас санитария дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаулыда Pfizer препаратымен вакциналаудың әдістемелік ұсыныстары бекітілді.
Құжатқа сәйкес, келесі адамдар вакцина салдыра алады:
12 және одан жоғары жастағы жасөспірімдер;
жүкті әйелдер, жүктіліктің 16-шы аптасынан 37-ші аптасына дейін;
Бала емізетін әйелдер, босанғаннан кейін (42 күннен кейін).
Вакцинация алдында коронавирусқа антиденелердің болуына тексеру жүргізілмейді.
COVID-19 бен ауырғандар жазылғаннан кейін 6 айдан кейін қайта вакцина салдыра алады. Коронавируспен ауырып жазылған адамдар сауыққаннан кейін 3 айдан соң вакцина салдыра алады.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии