Дәрігерлер мас жүргізуші қағып кеткен полицейдің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, мас жүргізуші қағып кеткен полицей 17 қазанда №4 Қалалық клиникалық ауруханаға сағат 23:40-та жеткізілген.
"Науқастың екі аяғы сынған, ішкі ағзалары зақымданған. Жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты ауыр", - деді басқарма өкілдері.
Еске салайық, кеше, 18 қазанда Алматыда мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кеткен болатын. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнде "Буран-227" патрульдік экипажы Қабанбай батыр көшесінде қарама-қарсы бағыттағы жолақта келе жатқан "Hyundai" автокөлігін тоқтатқан. Түрлі дене жарақатын алған полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии