Стоматолог-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, «Қазақстан стоматологтарының сарапшылық қоғамдастығы» РҚБ президенті Мейрам Раганиннің, медицина ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, «АМУ» КЕАҚ Емдік және хирургиялық стоматология кафедрасының доценті Виолетта Деточкинаның, жоғары санатты патоморфолог дәрігер, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ патоморфология бөлімінің аға қызметкері Манана Перадзенің басшылығымен қазақстандық ғалымдар тобы дәстүрлі сигареттермен салыстырғанда қыздырылған темекісі бар бұйымдардың ауыз қуысының шырышты қабатының жағдайына әсерін зерттеуге арналған клиникалық зерттеуді аяқтады.
Зерттеу Астана Медицина Университетінің гистология кафедрасы мен стоматология және жақ-бет хирургиясы кафедрасының қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «SPS» және «ROYAL DENTAL CLINIC» жеке клиникасының базасында өтті. Пациенттерді бақылау ұзақтығы 12 айды құрады.
«Қазақстанда жаңа балама темекі өнімдерінің кең таралғандығы мен танымалдылығын, сондай-ақ ғылыми қауымдастық арасында аталған өнімді зияны азырақ балама ретінде қолдаудан бастап қоғамдық денсаулыққа ықтимал пайдасынан толық бас тартуға дейінгі қарама-қайшы ақпарнаттың болуын назарға ала отырып, біз әріптестермен қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың (ҚТБ) дәстүрлі темекімен салыстырғанда ауыз қуысының шырышты қабатының жай-күйіне әсері туралы клиникалық зерттеу жүргізуді шештік»,—деді Мейрам Раганин.
Зерттеуге ақысыз негізде бастапқыда 100-ге жуық адам қатысуға ниет білдірді, бірақ жұмыс барысында Нұр-Сұлтанда тұратын 20-дан 50 жасқа дейінгі 30 ерікті тұрақты қатысушылар болды. Тексерілгендер 10 адамнан тұратын үш топқа бөлінді. Бірінші топ ҚТБ тұтынатын адамдардан тұрды; екінші топ-дәстүрлі темекіні тұтынатындар; үшінші - бақылау тобы – ешқашан қандай да бір темекі түрін қолданбаған адамдар.
Нәтижелер:
Темекі шегушілер тобында ТПЖт индексі (тісжегі, пломбаланған және жұлынған тістер) зерттеудің басында орта есеппен 14,2 тармақты құрады. 12 айдан кейін ТПЖт индексі 1,8 тармаққа өсті және орта есеппен 16 құрады, бұл ауыз қуысының шырышты күйінің орташа ауырлық дәрежесін көрсетеді. Зерттеуге қатысушылар қыздырылған темекіден жасалған бұйымдарды пайдаланған топта зерттеудің басында ТПЖт индексі 12,75-ке тең болды. 12 айдан кейін бұл көрсеткіш 1,25-ке артып, 14-ті құрады. Бақылау тобында зерттеу басталғанға дейін ТПЖт көрсеткіші 12,6-ға тең болды. 12 айдан кейін көрсеткіш аздап өзгерді және 13-ті құрады.
Диагностикалық тексеру кезінде темекі шегушілерде қызыл иек бүртіктері және қызыл иектің маргиналды бөлігінің гиперемиясы (қабынуы) байқалғаны, тілдің қабыршақтанғаны анықталды. РМА индексі (қызыл иектің жай - күйін және гингивит пен басқа аурулардың даму қаупінің дәрежесін бағалауға мүмкіндік беретін гингивит индексі) оларда зерттеудің басында 29,555 – гингивиттің жеңіл дәрежесі, ал 12 айдан кейін-44,078 құрады, бұл орташа дәрежеге сәйкес келеді. Сондай-ақ, ҚТБ тұтынушыларында қызыл иек бүртіктері және қызыл иектің маргиналды бөлігінің гиперемиясы анықталды, бірақ темекі шегушіден айырмашылығы - тілі қабыршақтанбаған, таза болды. Зерттеудің басында РМА индексі 16,603 - жеңіл дәреже, 12 айдан кейін – 23,764 құрады, бұл да жеңіл дәрежеге сәйкес келеді. Бақылау тобында зерттеудің басында РМА индексі 6.584 – жеңіл дәреже, 12 айдан кейін 6,601 құрады, бұл да жеңіл дәрежеге сәйкес келеді.
Осылайша, ауыз қуысының шырышты қабығының клиникалық жағдайы темекі шегушілер үшін ең нашар, ал қыздырылған темекі өнімдерін тұтынушылар үшін көрсеткіштер әлдеқайда жақсы деп қорытынды жасауға болады. Цитологиялық зерттеулерге сәйкес темекі шегушілер тобында ауыз қуысының шырышты гиперкератозы анықталды. Темекіні кез-келген түрде тұтынбайтын адамдарда нейтрофильді лейкоциттер кездеседі, олар пародонтта қабынудың болуын көрсетеді. Алайда, ҚТБ қолданатын топта нейтрофильді лейкоциттер аз болады.
«Ен дұрысы – темекі шекпеу немесе жаман әдеттен толығымен бас тарту, бірақ 30 жылдық медициналық тәжірибе кезінде мен барлық темекі шегушілер никотинге тәуелділіктің салдарынан бірден темекіні тастай алмайтындығына бірнеше рет көз жеткіздім. Біз жүргізген зерттеу темекіден бас тарту мүмкін болмаса, темекіні жану белгілері мен шайыры жоқ баламамен ауыстырған жөн екенін растайды. Сөзсіз, пациент денсаулыққа келтірілген зиянды азайтады. Болашақта осы салада неғұрлым ұзақ мерзімді және кешенді клиникалық зерттеулер қажет екенін атап өткім келеді және менің тұлғамда ғалымдар тобы мемлекет пен мүдделі тараптардан ғылыми-зерттеу қызметіне қолдау көрсетуді сұрайды» — деп атап өтті Мейрам Раганин.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии