Биылғы жылдың 25 қаңтарында ШҚО қос зейнеткерді қатыгездікпен өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ШҚО Алтай ауданы Прибрежный кентінің тұрғындары көрші үйлердің бірінің өртенуінен оянған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жалынды сөндіріп үйге кірген соң, қорқынышты көрініске куә болды.
Үйің еденінен зорлық-зомбылықпен өлтірілген 83 жастағы әйел мен 74 жастағы ер адамның жартылай күйдірілген мәйіттері жатты. Олардың денесінде көптеген пышақ жарақаттары болған. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, тергеушілер 8 ай ішінде оқиғаның қалай болғанын толық зерттеді.
Қазан айында осы ауыр қылмысқа қатысы бар деген күдікті ұсталды.
"Зейнеткерлерді қатігездікпен өлтірген 37 жастағы ер адам болып шықты. Ол зейнеткерлерді аяусыз өлтіргеннен кейін үйді қасақана өртеп, оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір күдікті қамауда, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр", - ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов
Сондай-ақ, полиция департаменті бұл аса ауыр қылмыс үшін күдіктіге, егер сот оны кінәлі деп таныса, 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін екенін атап өтті.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии