Ақтөбеде Chevrolet автокөлігі су арнасына ұшып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Әлеуметтік желіде автокөліктің қоршауды қағып, арнаға ұшып кеткен сәтінің видеосы жарияланды.

Оқиға орнына мән-жайды анықтау үшін патрульдік полиция наряды жіберілді. Олар көлікті басқарған әйелдің абайсызда су арнасына түсіп кеткенін анықтады, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД.