Ерлан Қожасбай Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Мұндай шешім ұлттық федерацияның кезектен тыс Конфедерациясында қабылданды.

Айта кетерлігі, ол осыған дейін аталған ұйымның вице-президенті қызметін атқарды.

Ерлан Қожасбай осыған дейін 2001-2005 жылдары федерацияның басшысы қызметінде болған.

Ал күрес федерациясының бұрыңғы президенті Сауат Мыңбаев ұйымның құрметті президенті болып тағайындалды.