Түркияның батысында жолаушылар ұшағы бортта бомба бары туралы хабарлама келіп түскеннен кейін шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Кувейттен ұшып шыққан Jazeera Airways әуе компаниясының Airbus A320 ұшағы жарылыс болу қаупіне байланысты тез арада Трабзон әуежайына қонуға мәжбүр болды, - делінген AirportHaber хабарламасында.
Белгі болғандай, қонған ұшаққа бірден өрт сөндіру бригадасы мен полиция көліктері жіберілді. Жолаушылар эвакуацияланғаннан кейін олар ұшақты тексеретін болады.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии