Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде ресейлік шекарашылар браконьерлік жолмен ұсталған итбалықты құтқарды. Жануар судан шығып қалғасын оттегі жетіспеушілігінен өліп кетуі мүмкін еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Amur.info агенттігіне сілтеме жасап.
Шекарашылар итбалық өте белсенді болғандықтан, жарақаттары байқалмағандықтан ашық теңізге бірден жіберуді шешкен.
Сондай-ақ, ФСБ қызметкерлері Қызыл кітапқа енгізілген 200-ден астам бекіре тұқымдас балық аулайтын 30 браконьерлік торды тапты. Олар бірден теңізге қайтарылды.
Бұған дейін қазақстандық шекарашылар бекіре тұқымдас балықтарды браконьерлік тордан құтқарған сәтін видеоға түсірген. Итбалықтар жиі браконьерлердің торына түсетінін айтты. Торға түскен жануарлар жиі жараланады.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии