Еуразия экономикалық комиссиясы газ тасымалдау бойынша тариф белгілеу мәселесін 2022 жылға қарай реттеуге тырысады. Бұл туралы ЕЭК министрі Темірбек Асанбеков Sputnik ақпарат агенттігінің Мәскеу – Бішкек – Нұр-Сұлтан – Ереван бейнекөпірі барысында мәлімдеді.
"Тасымалдау тарифі – кейбір елдер үшін сезімтал мәселе. Талқылау жүріп жатыр, кейбір елдердің әдістері бар. Менің ойымша, бұл келіспеушіліктер келісімшартқа қол қойылатын кезде жойылады. Әзірге үкіметаралық келісімшарт жолымен келе жатырмыз, ал одан кейін бұл шектеулерді алып тастауға тырысамыз", - деді министр.
Бұған дейін ЕЭК өкілі Ия Малкина ортақ газ нарығын құру туралы халықаралық келісімшартқа ЕАЭО лидерлері 2022 жылы қол қоюы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.
Министр энергетики и инфраструктуры Евразийской экономической комиссии Темирбек Асанбеков
Еуразия экономикалық комиссиясының энергетика және инфрақұрылым министрі Темірбек Асанбеков
Темірбек Асанбеков 27 қыркүйекте үкімет мүшелерінің қатысуымен ЕАЭО-ның жоғары деңгейдегі жиыны өткенін еске салды. Отырыста газ бағасын белгілеу, үшінші елдерден газ тасымалдау және транзит мәселелері талқыланды.
"Біз түбегейлі позицияларды мемлекет басшылары деңгейіне талқылауға шығарамыз. Мемлекет басшылары шешім қабылдағаннан кейін, халықаралық келісімшартқа қол қойылады деп сенімді түрде айтуға болады", - деді ЕЭК министрі.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии