Гонконгтан ұшып шыққан ұшақ 26 қыркүйекте Алматы әуежайына шұғыл түрде қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әуежайдың баспасөз қызметі мәліметінше, Гонконгтан Нұр-Сұлтанға ұшатын AСТ әуе компаниясының Boeing 747 жүк тасымалдайтын ұшақ командирі техникалық себеппен Алматыдағы балама аэродромға қонуды ұйғарған.
"Төтенше жағдай жарияланған жоқ, қону жергілікті уақытпен сағат 21.12-де қалыпты режимде өтті", - деді баспасөз қызметі өкілі.
Айта кетейік, 3 қыркүйекте қозғалтқышы істен шыққан ұшақ Алматы әуежайына қонған болатын. East Wing әуе компаниясының ұшағы Алматыдан Семейге ұшу керек болған.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии