"Ауыл Футбол" жобасының жетекшісі Серік Мәмбетов мырзаның ҚФФ-ның ауыл футболына байлынсты ой-пікірін білу мақсатында ашық сұқбат болды.
1. Футбол Федерациясы ұйымдастырып жатқан "Ауылымның алаңы" атты жарыс жайлы ойыңыз қалай?
Бұл жоба жайлы жақсы көзқарастамын. Мұндай жобалардың көп болғаны жақсы. Себебі балалар әр лигада ойнап шыңдалады. Ойын көп болған сайын тәжірибе жиналады.
Әрине жарысты кез келген адам өткізе алады. ҚФФ негізгі мәселесі тек жарысты өткізіп ғана қоймай, алдын ала ауылдағы спорттық инфрақұрылым проблемалардың шешімін табуға атсалысса. Ауыл балаларының клуб болып құрылуынан бастап, оларды жаттықтыру жағына мән беріп жағдай жасауына жұмыс істеу қажет деп есептеймін.
2. Сіздің «Ауыл Футбол» жобасының идеясымен ұқсас екен. Сіздерге қарап ұрлап алды деп ойламайсыз ба?
Менің түсінгенім бойынша олардың жобалары Лига сияқты. Біздікі одан тереңірек және өзгеше тұстарымыз бар. Айырмашылығымыз - ҚФФ негізінен үкіметтен (Самрұқ-Қазынаның ақшасы түбінде үкіметтің ақшасы ғой) алынған қаражатты игеру. Ал біздің «Ауыл Футбол жобасы» нарықтан демеушілер іздеу.
Үкімет берем деп жатса неге алмасқа! Бүгінге дейін ауыл клубтарына бюджеттен ақша сұрап көрмеппіз.
Жобамызды ұрлап алды деп айта алмаймын. Қазір кез келген адам жарыс өткіземін десе қолында тұр. Ауыл, аудан, қала болсын бастама көтерсе ешкім кедергі бола алмайды.
3. Ермұхаммед Мәулен мырза ауылдағы жасыл футбол алаңдары жайлы да проблема көтеріпті. Білуімше сіз де президентке дейін үндеу жасадыңыз. Қандай өзгеріс болды?
Бұл мәселені бұрыннан көтеріп келе жатырмыз. Жасыл алаң әкімшіліктің құзырындағы шаруа. Қаражат бөлінсе әрине салынады, ақша жоқ болса жасыл алаң да жоқ дегендей. Президент тарапынан да тапсырма беріліп жатыр. Дегенмен, ұзаққа созылатын проблема күйінде қала бермек.
4. "Ауылымның алаңы" жобасындағы жарысқа қатысу жоспарда бар ма?
Жоба жайлы тек хабардандыру айтылды. Әлі толығымен ұйымдастыру жұмыстары бітпеген секілді. Республикалық деңгейде өтетін жоба болғандықтан оңай шаруа емес. Келесі жылға дейін жарысқа қатысу ережелері жарияланса, қарап көрерміз.
Бірақ оған қарап қалмаймыз – өзіміз 20-дан астам турнир өткіздік! Онымен қоймай біздің жобамызқа қатысатын командалар басқада Лигаларда, жеке меншік турнирлерге қатысуда, және де жетістіктері жаман емес.
5. Футбол Федерациясы қолдау көрсетуге, бірлесіп жұмыс жасауға дайынбыз деп отыр. Сіздің мақсатыңыз қандай? Қолдауды қабылдайсыз ба?
Біздің былтыр ұйымдастырған турнирлік жарыстарда Федерация атынан адамдар келіп қатысқан. Мысалы Сейльда Байшаков, Игорь Утробин деген белгілі азаматтар келген! Бірлесіп жұмыс істейік деді, телефондарымен бөлісті. Бірақ сол телефондары үнсіз қалды!
Қазіргі заманда ер-азаматтар майдаланып кеткенба – сөзіне жауап беру керек ғой!
Несіне оларға тағы барып кішірейеміз, қайыршы сияқты! Көмек береміз десе берсін – барлық ақпарат желіде тұр! Бермесе өздері біледі!
Алдымен өз жобасын жөнге келтіріп алсын!
Cұқбатыңызға рахмет!
Жазып алған: Мадина Сарбалаева, Алматы
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии