Нұр-Сұлтанда орын алған оқыс оқиғадан бір адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды zakon.kz.
22 қыркүйекте таңғы сағат 09:00 шамасында Момышұлы даңғылымен келе жатқан "Лада" автокөлігінің жүргізушісі Қошқарбаев көшесінен Тоқпанов көшесіне бағыт алып келе жатқанда рөлге ие бола алмай қарсы жолаққа шығып, Toyota көлігімен соқтығысқан, деп хабарлады Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі.
Апат салдарынан екі жүргізуші де түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер тексергеннен кейін Toyota жүргізушісі жіберіліп, екінші адам ауруханаға жатқызылды.
Тергеу жүргізілуде.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии