Жамбыл облысының полициясы оқушыны зорлады деген күдікпен ер адамға қатысты қылмыстық іс тергеп жатыр.
Жергілікті пабликтер ақпаратына сәйкес, 12 жастағы қыз 35 жастағы ер адаммен Instagram арқылы танысқан.
Облыстық полиция қылмыс туралы ақпарат Меркі аудандық полиция бөліміне түскенін хабарлады. Тәртіп сақшыларына балалар ауруханасына Меркі ауылының кәмелет жасқа толмаған тұрғыны жеткізілгені айтылған.
Меркі аудандық полиция бөлімі қылмыстық кодекстің "зорлау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.
"Бірқатар тиісті сараптама тағайындалды. Жедел-іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр", - деді ведомствода.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии