Елбасының баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың гольф ойнап жүрген видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мұрағаттан алынған кадрлар Instagram желісінде пайда болды. Видео сипаттамасындағы мәліметке сүйенсек, гольф – Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйікті спорт түрлерінің бірі.

"Елбасы әлемге әйгілі саясаткерлермен және бизнесмендермен бірге әртүрлі халықаралық турнирге жиі қатысатын", - деп жазылған баспасөз мәліметінде.

Видеодан Нұрсұлтан Назарбаевтың гольф ойнап жүргенін көруге болады, онда Қасым-Жомарт Тоқаев та байқалады.


Елбасы сайтындағы мәлімет бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев тенниске де қызығушылық танытады, ол 55 жасында шаңғы тебуді бастаған.