АҚШ-тың Монтебелло қаласында өткен бокс кешінде отандасымыз Зегарраны мерзімінен бұрын жеңді. Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек үшінші раундта аяқталды. Себебі, Алидің қарсыласы кездесуді жалғастырудан бас тартқан.
Осылайша, Әли Ахмедов кәсіпқой рингтегі 17-жеңісіне (13-і мерзімінен бұрын аяқтаған) қол жеткізді. Ал Перу боксшысы алтыншы рет жеңіліп отыр. Әли Ахмедов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында эквадорлық Карлос Гонгораға қарсы өткізді. Сол кездесуде отандасымыз он екінші раундта нокаутпен ұтылып қалды. Негізінде Сегаррамен жекпе-жек 2020 жылы 1 тамызда өтуі керек еді, алайда латынамерикалық боксшыдан рингке шығуға бірнеше сағат қалғанда коронавирус анықталды.
Естеріңізге сала кетейік, Ахмедов GGG Promotions промоутерлік компаниясында өнер көрсетеді. Оның негізін қалаушы орта салмақта IBF және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО).
Комментарии