Бүгін Парламент Мәжілісінде Қазақстан мен Тәжікстан Үкіметі арасындағы тәжік-ауған шекарасына іргелес аудандарды қауіпсіздік қамтамасыз етуде әскери техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау мәселесі қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Аталған келісімге 2021 жылғы 12 шілдеде Нұр-Сұлтанда қол қойылды. Келісімге сәйкес Қазақстан Республикасы Тәжікстанға әскери мүлікті өтеусіз беру түріндегі әскери көмек көрсететін болады. Комитет осы заң жобасын жұмысқа қабылдап, тиісті қорытынды әзірлеуге дайын. Қолдауларыңызды сұраймын», - деді Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан.
Бұл ұсынысты дауыс беру қорытындысы бойынша Мәжіліс депутаттары қолдады.
Айта кетейік, Парламент заң жобасын бекітсе, Қазақстан Тәжікстанға әскери көмек ретінде 3 миллионнан астам қару-жарақ береді.
Для комментирования нужна авторизация — это быстро и просто:
введите почту, получите PIN-код на email и готово!
{{ authError }}
Комментарии