19 жастағы қазақстандық Ақтөбе әуежайында ұсталды. Алматыдан ұшып келген ол ұшақта темекі шеккен. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер мәлім етті, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Жігітке 150 мың теңге айыппұл салынды.
"Ұсталған адам әуе кемесінде жүріс-тұрыс қағидаларын бұзды, ол әуе кемесінің командирі мен экипаж мүшелерінің бұйрығын орындамады, былапыт сөздер айтты, осылайша қоғамдық тәртіп пен жолаушылардың тыныштығын бұзды", - деді ведомство өкілдері.
Жасөспірімге бірден үш әкімшілік хаттама толтырылды: бортта темекі өнімдерін тұтынғаны үшін, жүріс-тұрыс қағидаларын бұзғаны үшін және ұсақ бұзақылық үшін.
Ұсақ бұзақылық бойынша материал сотқа жіберілді.
Для комментирования нужна авторизация — это быстро и просто:
введите почту, получите PIN-код на email и готово!
{{ authError }}
Комментарии