Нұрлыбек Сағындықов, Нұрболат Әлнияшев және Бексұлтан Рахметов есімді азаматтар Арал ауданының ішкі істер бөлімінде жедел уәкіл болып қызмет атқарған. Осы жылдың 29 шілдесі күні Қызылорда облыстық апелляциялық сотының үкімімен үш азамат 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сотталғандардың бірі Бексұлтан Рахметовтің анасы Azattyq Rýhy тілшісіне оқиғаның мән-жайын баяндап, соттың үкімімен келіспейтінідігін жеткізді. Оның айтуынша, жәбірленуші тәртіп сақшаларына жалған жала жауып, қылмыстық істен сытылып кетудің амалын жасаған.
«Арал ауданының тұрғыны, яғни мал ұрлығымен бұрын-соңды да бірнеше рет істі болған азамат Тұрлыбек Айтжановты 2019 жылдың 26 желтоқсанында түнгі уақытта құжатсыз мал тасымалдап бара жатқан жерінен учаскелік полиция қызметкері көріп қалып, 102 номеріне хабар берген. Хабарлама бойынша, құжатсыз екі ірі қара малдың етін көлікке тиеп алған Айтжанов Арал аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілген. Сол күні полиция бөлімшесіндегі жедел уәкілдер - Нұрлыбек Сағындықов, Нұрболат Әлнияшев және Бексұлтан Рахметов жұмыс істеген. Үшеуі күдіктіге қатысты сұрастыру жұмыстарын жүргізген», - дейді Мейрамкүл Айдарова.
Мейрамкүл Айдарованың айтуынша, осы аралықта полиция бөлімшесіне жедел уәкіл тобының бұрынғы басшысы келіп, жағдайға араша түскен. Нақтырақ айтқанда, ол бөлімшеге аудандық прокурордың орынбасарын шақырып, «полицейлер күдіктіге күш көрсетіп жатыр» деп шағым айтқан екен.
«Прокурордың орынбасары бөлімшеге келгеннен кейін заңдағы тәртіпке сәйкес күдікті ретінде ұсталған Айтжановты үш сағаттан кейін босатады. Алайда сол сәтте прокуратураның қызметкері оның денесінен ешбір жарақатты көрмейді. Айтжанов та шағым жазбайды», - дейді адвокат Қуаныш Дүйсембаев.
Іс мұнымен бітпей, керісінше шиеленісе түскен. Қорғаушының айтуынша, Айтжанов сол күні жедел-жәрдем қызметін шақырып, ауруханаға түседі.
«Айтжановты тасымалдаған таксист те, жедел-жәрдем қызметінің мамандары да оның денесінен ешбір жарақат көрмегенін айтты. Дәрігерлер тек бетінің ғана қызарып тұрғанын, ол күннің суығынан немесе үйкелегеннен болуы мүмкін екендігін жеткізді. Аурханада оны Киікбаева деген кезекші дәрігер қабылдаған, алайда оны ауруханаға жатқызудан бас тартқан. Өйткені, бойынан ешбір жарақат таппаған. Алайда арызқой Айтжанов өз айтқанынан қайтпай, рентгенге түсу үшін таңға дейін ауруханадан сол күйі шықпай қойған», - дейді адвокат.
Бір қызығы, таңертең травматолог келген кезде Айтжановтың бойынан бірнеше дене жарақаты анықталған. Полицейлердің адвокаты күдікті болған азамат «мұны қасақана жасауы мүмкін» дегенді алға тартады.
«Дәрігер сол жақ самайының сырылғанын, тобығының және екі білегінің көгергенін, санының жырылғанын анықтады. Сот медициналық сараптамасы травматологтың тізіп берген жарақаттарын «жеңіл дәрежелі жарақат» деп бағалайды. Яғни, ол жарақаттар қандай да бір затқа ұрып-соғып алғаннан болуы мүмкін. Сондай-ақ сот медициналық сараптамасы аталған жарақаттарды адамның өз-өзіне де салуы мүмкін екенін ескерді. Өйткені қолы жететін жерлер. Ал жырылған тұстары - ол ұрып-соққаннан болмайтыны анық», - дейді Қуаныш Дүйсембаев.
Қорғаушы жәбірленушінің ұсақ-түйек дене жарақаттары оның полиция бөлімшесінде жасаған тәртіпсіздігінен болуы мүмкін екенін айтады.
«Айтжановты бөлімшеге жеткізген кезде сұрастыру жұмысы барысында ол полицейлерге қарсылық танытып, кабинеттегі компьютер, жалюзи, принтер сынды мүліктерді қиратқан. Бұл жөнінде қылмыстық іс қозғалды. Міне, сол сәтте бөлімше қызметкерлері оны тыныштандырып орнына отырғызуды көздеді. Бәлкім, сол кезде жәбірленуші өзінің денесін қандай да бір затқа соғып алған шығар. Егер шынымен ол полицейлерден таяқ жеген болса, бөлімшеден кетпей сол жерде жедел-жәрдем қызметін шықарар еді. Ал ол болса, бөлімшеден кетіп қалғаннан кейін медициналық көмекке жүгінген. Артынша тәртіп сақшыларының үстінен «ұрып-соқты» деп жала жауып, шағым түсірген», - дейді адвокат.
Для комментирования нужна авторизация — это быстро и просто:
введите почту, получите PIN-код на email и готово!
{{ authError }}
Комментарии