Тоқаев Шығыс экономикалық форумына қатысады

Поделиться:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 3 қыркүйекте Шығыс экономикалық форумына қатысады. Форум бейнеконференция форматында өтеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"3 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен бейнеконференция форматында өтетін Шығыс экономикалық форумына қатысады. Жыл сайын Владивостокта өтетін форумның биылғы тақырыбы "Құбылмалы әлемдегі Қиыр Шығыстың жаңа мүмкіндіктері", - деп жазды ол.

Шара барысында Азия-Тынық мұхиты аймағы сауда-экономикалық ынтымақтастығының жаңа механизмдері талқыланады.

Шығыс экономикалық форумы – Ресейдің Қиыр Шығысына шетелдік инвестицияларды тарту және Азия-Тынық мұхиты аймағында экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында жыл сайын Владивостокта өткізілетін халықаралық форум.


Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также