Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің Тараз-Луговое жол бөлігінің тақ және жұп бағыттары барлық пойыздар үшін жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Оған Жамбыл облысындағы темір жол желісінен 250-300 метр аумақта оқдәрілердің жарылуы себеп болып отыр»,-деп жазды өзінің Facebook парақшасында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департамент директоры Қайсар Жұмабайұлы.
Жарылыс болған аймақтан 8-10 км қашықтықта жатқан Үшбұлақ станциясына Тараздан өрт сөндіруші пойыз келді. Сондай-ақ өрт сөндіруші пойыз Шу станциясынан да жөнелтілді.
Жолаушылар мен жүк тасымалдаушы пойыздардың қозғалысы тоқтатылды. «Қазіргі таңда Петропавл-Қызылорда бағытындағы №75 және Маңғыстау-Алматы-2 бағытындағы №75 пойыздары мен тағы 14 жүк пойызы уақытынан кешігеді»,-делінген хабарламада.
«ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының баспасөз қызметің ақпараты бойынша өрт пен жарылысқа байланысты бірқатар пойыз уақытынан кешігеді.
Оның ішінде:
- №41 Алматы-2 – Атырау бағытындағы;
- №11 Алматы-2 – Шымкент бағытындағы;
- №78 Манғыстау - Алматы-2 бағытындағы;
- №24 Ақтөбе – Алматы-1 бағытындағы ;
- №002 Шымкент – Алматы-2 бағытындағы;
- №72 Түркістан – Алматы-2 бағытындағы;
- №86 Сарыағаш – Нұр-Сұлтан-1 бағытындағы;
- №22 Қызылорда – Семей бағытындағы жолаушылар пойыздары бар.
Толығырақ ақпарат алу үшін жолаушылар теміржол вокзалдарының анықтама бюросына немесе «105» бірыңғай анықтама қызметіне хабарласуы керек.
Тараздағы жарылыс: Пойыз қозғалысы тоқтатылды
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}