Алматы облысында жоғалып кеткен қыз іс-әрекеті күмәнді ер адамның жанынан табылды(ВИДЕО)

Поделиться:
Алматы облысының полициясы бір айдай уақыт бойы із-түзсіз жоғалып кеткендер қатарында жүрген кәмелетке толмаған қызды тапты. Ол өзін "пайғамбар" деп атаған талдықорғандық танысының жанында болған. Ер адамға қатысты тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілерде 17 жастағы бойжеткеннің психикалық жай-күйі күмән туғызатын ер адаммен достығы туралы ақпарат тарады. Жазба авторының сөзінше, ересек адам кәмелетке толмаған қызды азғырған.

"Бұл ер адам түсініксіз нәрсені насихаттайды. Жастар, жасөспірімдер бәрі TikTok-та отырады және осыны көреді. Олардың арасында махаббат, романтика бар болса, олардың жеке ісі екені түсінікті. Бірақ мұндайды ашық насихаттап не керегі бар?", - дейді автор.

Желі қолданушыларының басым көпшілігі автормен келісіп, ер адамның психикасының дұрыстығына күмән келтірген. Тіпті, қазақстандықтар жағдайға құқық қорғау органдарының араласуын талап етті.

Күдікті ер адамның желіде жариялаған видеоларына іздеу салынған қыз да түскен. Осының арқасында тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған қыздың Талдықорғанда екенін анықтаған.

"Қыздың сөзінше, ол өзінің танысының жанында болған. Сонымен қатар, ол өз еркінен тыс зорлау және күштеп ұстау фактісін теріске шығарды. Қазіргі уақытта табылған қыз ата-анасына берілді. Одан бөлек, оның 26 жастағы танысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әзірге сотқа дейінгі тергеудің Қылмыстық кодекстің нақты қай бабымен жүргізіліп жатқаны белгісіз. Құзырлы органдар осы іс туралы көпшілікті хабардар етіп отыруға уәде етті.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также