Өзбекстан "Талибан" қозғалысынан қауіпсіздігі туралы келісім алғаннан кейін (Қазақстанда террористік ұйым деп танылып, тыйым салынған) 150 Ауғанстан азаматын елге қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өзбекстан Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінде босқындар өзбек-ауған шекарасын заңсыз кесіп өткені айтылады. Sputnik Өзбекстанның 18 тамыздағы мәліметінше, елге кірген 150 заңсыз иммигрант, оның ішінде 17 әйел мен бала күзеті бар шатырлы қалашыққа уақытша орналастырылған.
"Талибан" басшылығының өкілдерімен осы санаттағы адамдарға қарсы қандай да бір зорлық-зомбылық, қудалау шараларын болдырмау туралы қол жеткізілген келісімдер нәтижесінде 150 Ауғанстан азаматы өз еркімен туған жеріне қайтарылды", - делінген министрлік сайтындағы хабарламада.
Ведомство Ауғанстанға оралғаннан кейін Өзбекстанға қашқан азаматтар кейбір қажетті рәсімдерді жасағаннан кейін, үйлеріне жіберілгенін қосты. Бұл ақпарат қайтып келген ауғандардан алынғаны айтылады.
"Елге келген ауғандар отбасымен толық қауіпсіздікте", - делінген хабарламада.
Өзбекстан Ауғанстаннан келген 150 босқынды қайтарды
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}