Кәмшат Жолдыбаева Instagram желісінде ашық образын көрсетіп, ерлер қаумының сансыз пікіріне ие болды. Фотода шоу-бизнес жұлдызының қызыл түсті көйлекпен билеп жатқанын көруге болады. Желідегілер актрисаның талдырмаш мүсініне тамсана қарап, оған жылы лебіздерін білдірді.
Кейбір оқырмандар болса әншінің кейпін тым ерсі деп санап, оны аяусыз сынап тастады.
"Сұлулығында шек жоқ", "Мінсіз ару", "Жұлдыздар арасында ешқандай пластика жасатпай-ақ әдемі болып жүрген Кәмшат қана шығар", "Кеудесін айқара ашыпты ғой", "Жусан гүлім құлпырып тұр", "Жүрегіңізді жаулауға болады ма?", "Мына көйлек сіз үшін тігілендей", "Етегін жабатын анасы жоқ па", "Сәлем Камшат менымен бірге өтау күрасыңба,әлде сен кедейлерды жатырқайсыңба", "Не фигура,не биі дурыс емес, мүлдем жараспайды", "Тым арықтап кетіпсің", "Қалай ұйықтайсың мына видеодан кейін", - деп жазды халық.