Дөң тау-кен комбинатының шахтасындағы жарылыстан жұмысшы әйел қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше оқиға 16 тамызда сағат 11:45-те Қазақстан тәуелсізігінің 10 жылдығы атындағы шахтада өткізу жұмыстары кезінде болған.
"Жарылыс толқыны екі жұмысшыны шарпыды. Маркшейдер қызметіндегі әйел қаза болды, бір жұмысшы жарақат алды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ол Хромтау қаласының аудандық ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады кәсіпорындағылар.
Қайғылы жағдайға қатысты тергеу жұмыстары басталып, себебі анықталуда.
"Қазхром" трансұлттық компаниясының басшылығы қаза болған жұмысшының отбасына көңіл айтты. Оның және жарақат алған жұмысшының отбасына қажетті көмек көрсетілуде.
Дөң тау-кен комбинаты хром кендерін өндіретін әлемдегі ірі кәсіпорынның бірі.
Ақтөбе облысында шахтада апат болды: зардап шеккендер бар
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}