Балаларын вакциналаудан бас тартқандар психиатриялық ауруханаға жатқызылады деген рас па

Поделиться:
Желіде тұрғындарды денсаулық сақтау министрлігі әзірлеп жатқан жаңа заң жобасына наразылық білдіруге шақыратын жазбалар тарады.


Жазба иесінің айтуынша, онда өз балаларын вакциналаудан бас тартқан ата-аналарды ата-ана құқығынан айырып, психиатриялық клиникаларға мәжбүрлеп емдеуге жіберетін нормалар бар.

Қазақстанда осындай нормалары бар заң жобалары қаралып жатқан жоқ.

"Балаларға кез келген екпе жасау тек ата-аналардың келісімі бойынша ғана жүзеге асырылады. Елімізде балаларды COVID-19 қарсы вакцинациялау қазан айында, елге Pfizer/BioNTech өндірген вакцина әкелінген кезде және тек ата-аналардың келісімімен ғана жасалуы мүмкін", – деп жазды stopfake.kz денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктегілер, балаларды вакциналаудан бас тартқаны үшін ата-ана құқығынан айыратыны, өз баласына дауысын көтергендер психотроптық препараттармен мәжбүрлеп емделетіні туралы хабарламалар шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также