"13 пәннен 1 мыңға жуық үміткер": Мұғалімдер мектепке ерекше тәсілмен қабылданып жатыр

Поделиться:
Ақтау қаласында биыл ашылатын жаңа білім ордасына мұғалімдер ерекше тәсілмен қабылданып жатыр деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

№19 мектеп-гимназиясына педагогтарды іріктеуге алғаш рет қалалық білім бөлімі араласпай отыр. Бұл жолы басымдық қоғам белсенділерінен құралған арнайы комиссия берілген. Олар түрлі сұрақ қойып, ұстаздардың үздігін таңдап алмақ. Іріктеу осы дүйсенбіде басталған. 13 пәннен 1 мыңға жуық үміткер келіпті.

Арнайы комиссия құрамында өңірге белгілі қоғам белсенділері, жұмыспен қамту орталығының өкілдері және адалдық алаңы жобасының мүшелері бар. Олар алдымен түйіндемені қарап, үміткерлерге мамандығына қатысты сұрақтар қояды. Қалалық білім бөлімі арнайы комиссияны үміткердің саны көп болғандықтан құрғанынын атап өтті. Олардың дерегінше, бір орынға 20-30 шақты адам келген.

"Комиссия мүшесі жас мамандарға, жұмыссыздарға көп көңіл бөлуде. Жұмысы барлар да келіп жатыр. Комиссия мүшесі педагогтарға заңдар туралы, енгізілген өзгерістер туралы, жеке қасиетін анықтау мақсатында қызығушылықтары туралы сұрап жатыр. Мүлде сәйкес келмейтін мұғалімдер кездесті. Мәселен, ағылшын тілінің маманы мүлде сөйлей алмайды. Үлкен стажы бар педагог әліппенің негізін қалаушы кім деген сауалға жауап бере алған жоқ", - дейді бақылаушы Жұлдыз Санақаева.

Айта кетейік, Ақтау қаласының 34 шағынауданда орналасқан білім ордасы 1200 орынға шақталған. Жаңа оқу жылына 1700-ден астам бала қабылданған. Қазіргі уақытта 73 сынып дайындалған. Өтініштер әлі де түсіп жатыр екен. Сонымен қатар, жаңа оқу жылында таңдап алынған үздік 150 педагог аталған мектеп-гимназияда қызметін бастайды.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также