«Kaspersky»: танысу қызметтерінің әрбір алтыншы пайдаланушысы онлайн қудалаудың құрбаны болды

Поделиться:
«Kaspersky»-дің * жаңа халықаралық сауалнамасына сәйкес, онлайн танысу қолданбасындағы әр алтыншы аккаунттың иесі (17%) әлеуметтік желілерде қудалаудың не екенін жақсы біледі. Мұндай қолданбаларды пайдаланушылар тап болатын басқа оқиғалардың бірі-жеке ақпаратты зиянды түрде пайдалану қаупі, хат алмасулардың скриншоттарын және жеке фотосуреттерді қоғамдық кеңістікке шығару, тіпті нақты өмірде қудалау. Сонымен қатар, мұндай қауіптер пайдаланушылар қолданбада біраз уақыт сөйлескен адамдардан және мүлдем бейтаныс адамдардан туындауы мүмкін.

Осындай тәуекелдерді барынша азайту үшін оверширингтен аулақ болу қажет, яғни, желіде өзін туралы артық мәліметтерді таратпау қажет. Өйткені, егер үй мекенжайы, жұмыс орны, компания атауы немесе телефон нөмірін интернеттен оңай табуға болатын болса, оны зиянкестер пайдалана алады.

Адам туралы ақпарат оның беделіне нұқсан келтіру үшін оның келісімінсіз жарияланатын жағдай доксинг деп аталады. Онымен онлайн танысуға арналған қолданбаларды пайдаланатын әрбір алтыншы (16%) адам тап болды. Тағы 11% доксингке тап болды, бірақ олар бұл туралы білмеді, өйткені олар мұндай ұғыммен таныс емес еді.

«Цифрландыру біздің жеке өмірімізге, соның ішінде көптеген адамдарға жұп табуға көмектесетін танысу бағдарламалары түрінде еніп кетті. Бірақ сонымен бірге мұндай сервистер зиянкестердің ықтимал іс-қимылдарына арналған алаңдарға айналады. Алаяқтардан қорғану үшін сіз танысуға арналған қолданбаларда өзіңіз туралы қалдырған ақпаратты қатаң түрде сүзгілеуіңіз керек. Біріншіден, бұл мекенжай, телефон нөмірі және орналасқан жері сияқты мәліметтерге қатысты», -дейді "Kaspersky"-дің Орталық Азиядағы коммерциялық директоры Валерий Зубанов.

Өзіңіздің дербес деректеріңізді сіз пайдаланатын сервиске қарамастан, зиянкестерден қорғау үшін «Kaspersky»:

• құрылғыларда орнатылған қолданбалардың қандай рұқсаттары бар екенін үнемі тексеріп отыруды;
• осындай мүмкіндік қарастырылған сервистерде екі факторлы аутентификацияны пайдалануды;
• желіге бір нәрсені салмас бұрын, оны басқа адамдар қалай түсініп және қалай пайдалана алатынын ойлануды ұсынады.
* Онлайн танысу қызметтерін пайдаланушылар арасында сауалнама «Kaspersky» тапсырысы бойынша Sapio агенттігімен 2021 жылдың маусым айында жүргізілді. Оған бүкіл әлем бойынша 18 мыңнан астам респондент қатысты.



Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также