Ақтауда вакциналау пунктінде түсірілген видео желіде тарап кетті

Поделиться:
Ақтау тұрғындары қалалық емханалардың біріне коронавирусқа қарсы екпе алу үшін жаппай келді.


Қалалық №1 емханаға жиналған бір топ адам видеоға түсіп қалды, деп хабарлады Lada.kz.
Ақтау тұрғындары әлеуметтік қашықтықтың сақталмауына емхананы кінәлады.

"Неге вакциналау дұрыс ұйымдастырылмаған? Халық қой сияқты жүр, сөз жоқ", - деп ашуланды жергілікті тұрғындардың бірі.

Жергілікті денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Ақтауда демалыс күндері коронавирусқа қарсы вакцина алғысы келетін адамдардың саны күрт өскен. Әсіресе жексенбі күні №1 қалалық емханада ұзын-сонар кезек пайда болған.


Қазіргі уақытта емханада үш екпе кабинеті жұмыс істеп тұр. Тағы бір кабинет дайындалып жатыр.

Жағдай бақылауда, деп мәлімдеді ведомство.

Дәрігерлер қала тұрғындарын кезек күтпеу үшін кез келген басқа емханаға баруға шақырып отыр. Қызметкерлер мен медициналық мекемелер демалыссыз жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, Қазақстанда қызмет көрсету саласының мамандары коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 10 тамызға дейін салдыруға тиіс. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.


Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также