Өрт толық сөндірілді: Арыс тұрғындары үйлеріне оралды

Поделиться:
Арыс қаласының «Арыс» теміржол вокзалындағы жүк пойызының контейнерінен шыққан өрт толық сөндірілген соң, «Наурыз» мөлтекауданының тұрғындары өз үйлеріне қайта оралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түркістан облыстық әкімдігінің мәліметінше, өрт 6 тамыз күні кешкі сағат 21.55-те толықтай сөндірілді.

«Арыс қаласының 60 қызметкері мөлтекаудан тұрғындарының үйін күзетті. Енді тұрғындарға үйге қайтуға болады. Олардың өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ», - делінген әкімдіктің баспасөз хабарламасында.



Еске салсақ, 6 тамыз күні сағат 16:25 минутта Арыс қаласының «Арыс» теміржол вокзалында жүк пойызының контейнерінен өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. 2 контейнерде 54 тараға тиелген «сары фосфор» болған. Аталған пойыз Жамбыл облысынан Ресейге бет алған.

Өрт шыққан вагондар пойыздан ажыратылып, қауіпсіз жерге қойылды.

Сағат 17.50-де оқиға орнында жедел штаб құрылып, «Наурыз» мөлтекауданынан 1700 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 1050 адам туыстарының үйіне жайғасса, 650 адам уақытша ашылған 4 эвакуациялық пунктке орналастырылды.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тарапынан өрт сөндірілгеннен кейін ауа сынамасы алынды.

Өрт болған аймақта 291 адам, 42 техника және өрт сөндіру пойызы жұмыс істеді.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также