Талдықорғанда өндірістік аймақтан жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қыз 20 шілдеде үйден шығып кетіп, содан кері оралмаған.
Жоғалған жасөспірім туралы арызды тіркеу кезінде кезекші бөлімге Талдықорған қаласының Шығыс мөлтек ауданында орналасқан өндірістік аймақтан қыздың мәйіті табылғаны туралы екінші хабарлама келіп түсті. Тергеу-жедел тобы жоғалған 12 жасар қыздың өлімі фактісін анықтады, - деп хабарлады департаменттегілер.
Оқиға болған жерді шолу және мәйітті қарау кезінде зорлық-зомбылық сынды қылмыстық белгілер байқалған жоқ.
Алдын ала болжам бойынша, қыз ғимараттың төртінші қабатынан құлаған. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, 3 -бөлігі (Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, - дейді полициядағылар.
Нәтиже алынғаннан кейін қосымша сот-ситуациялық сараптама тағайындалады.
Бұл факт бойынша барлық куәгерлер мен марқұмның туыстарынан сұрақ-жауап алынды. Полиция тергеудің толыққандылығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз ету үшін болған оқиғаның бірнеше нұсқасы бойынша жұмыс жасауда. Қылмыстық істі тергеу барысы Алматы облысы ПД басшылығының бақылауына алынды, - дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Талдықорғанда өндірістік аймақтан жасөспірім қыздың денесі табылды
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
05.08.2021
Тараз әкімдігінің қызметкерлері кәсіпкерлерден карантинде жұмыс істеуі үшін пара алған
05.08.2021
Каратист Дархан Асадилов принес Казахстану еще одну бронзу Олимпиады
05.08.2021
Қазақстандықтар жаңа көліктерді уақытша тіркей алмайды
05.08.2021