Токио Олимпиадасында еркін күрестен жарыстар жалғасып жатыр. Бүгін боз кілемге тағы бірнеше қазақ балуаны шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әйелдер арасындағы сайыстарда Татьяна Ахметова (53 келі) алғашқы белдесуде ұтылып қалды. Ол Азияның төрт дүркін чемпионы поляк Роксана Марта Засинаға жол беріп қойды. Есеп – 2:3.
Юсуп Батырмырзаев (125 келі) та бірінші айналымнан аса алмады. Қарсыласын 10:2 есебімен жеңіп тұрып, ұтылып қалды. Енді Ахметова мен Батырмырзаевтың қарсыластары финалға шықса, олар жұбаныш белдесу мүмкіндігіне ие болады.
Ал Данияр Қайсанов (74 келі) жапон Кейсукэ Отогуроның жауырынын жерге тигізіп, жеңіске жетті. Ширек финалда қазақ балуаны Мысырдан келген Реда Рамадан Хуссейнмен кездеседі.
Кеше Нұрислам Санаев (57 келі) жартылай финалға дейін жеткен болатын. Бірақ үндістандық Кумар Равиден ұтылып қалды. Бүгін ол болгариялық Георги Вангеловпен қола медаль үшін белдеседі.
Токио Олимпиадасы: Данияр Қайсанов ширек финалға шықты
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
05.08.2021
Байдың балалары мектепке тым "гламурный" боп келмесін. Байқау керек
05.08.2021
Ранее судимого педофила задержали в Петропавловске
05.08.2021
Сәуле Әбілдаханқызы Аяның өліміне қатысты: Бар шындықты жайып салсам, марқұмның әруағына да, туыстарына да оңай соқпайды
05.08.2021