Пышақталған баланы ауруханаға әкеліп тастаған: Ақтөбеде оқушылар төбелесті

Поделиться:
Ақтөбе облысында 16 жастағы бозбала құрдасын пышақтап кетті. Полициция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады Polisia.kz сайты.

Ресми мәліметке сәйкес, 3 тамыз күні түнгі сағат 01:30-да Ембі қаласы ауруханасының қабылдау бөліміне 16 жастағы кәмелетке толмаған бала пышақ жарақатымен түскен. Оны белгісіз біреулер әкеліп тастапты. Дәрігерлер бірден полицияға хабар берген.

"Жедел іздестіру шаралары барысында 16 жастағы жасөспірім ұсталды. Тергеушілер екі баланың арасында дау-дамай туындап, соның салдарынан бірі екіншісіне пышақ жарақатын салғанын анықтады", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігі (Қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Полиция мен білім беру органдары болған оқиғаға себеп болған жағдайларды анықтау мақсатында тексеріс жүргізеді.



Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также