Маңғыстауда үш баласымен бірге жоғалып кеткен әйел табылды

Поделиться:
Маңғыстауда жоғалған үш балалы әйел табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

2 тамызға қараған түні Маңғыстау станциясының жол полициясы Д.Б.Тілеулесованың қайда екенін анықтады. Ол кәмелетке толмаған үш баласымен бірге 30 шілдеде хабар-ошарсыз кеткен. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде жедел уәкілдер осы уақыт ішінде әйел мен оның балаларының Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы құрбысының жанында болғанын анықтады. Әйел мен кәмелетке толмаған балалар тексерілді, аман-есен, дене жарақаттары жоқ, - деді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетсек, Ділбара Тілеулесованың үш баласымен Маңғыстаудан пойызға отырып, Шымкентке кеткені, бірақ белгіленген стансадан олардың түспегені, хабар-ошарсыз кеткені хабарланған болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также