Денсаулық сақтау министрлігі "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" заңға енгізілетін түзетулерді дайындады, деп хабарлайды zakon.kz.
Дербес төлеушілер 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін Қорға төлем күнінің алдындағы он екі ай үшін республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде жарналар төлейді, он екі ай ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы бар болып белгіленсін, делінген құжатта.
Осылайша, тіркелмеген жұмыссыздарға, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарға сақтандыру мәртебесін беру тәсілін өзгерту ұсынылады.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, міндетті медициналық сақтандыруды енгізудің бастапқы кезеңінде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін ең тартымдысы - алдағы кезеңдерге міндетті медициналық сақтандыруға жарналарды төлеп қою.
Мәселен, сақтандыру мәртебесін алу үшін үш жылға жарнаны алдын ала төлеуді енгізу ұсынылады, ол 25,5 мың теңгені құрайды, сонда айына 2 125 теңгеден төлеген болады.
Осылайша, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелу және медициналық көмек алу шарттары қолданыстағы нормамен салыстырғанда жақсарады. Ал бұрын ешқандай медициналық көмекке жүгінбесе де алдыңғы 12 айдың қарызын төлеу талап етілетін. Бұл жұмыссыздар немесе өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың бір бөлігіне сақтандыру мәртебесін беру мәселесін, сондай-ақ міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің қаржылық тұрақтылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Құжат 13 тамызға дейін талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтына орналастырылды.
МӘМС: Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үш жылға алдын ала жарна төлейді - заң жобасы
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
02.08.2021
Новая многофункциональная детская площадка открылась в Акмолинской области
02.08.2021
«Қажылыққа деп 3,5 млн теңгеден бердік». Туристік компания 40-тан аса адамның ақшасын қайтармай отыр
02.08.2021
Штампы о браке и детях в паспорте отменены. Что это изменит для нас?
02.08.2021