Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин тұрғындарды өзара байланысты шектеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында спикер дерт жұқтыратын ықтимал орындар - сауда нысандары, отбасылық байланыс және қоғамдық көлік екенін айтты.
Ж. Бекшин инфекция жұқтыру эпидемиологиядағы стандартты көрсеткішке қатысты екенін атап өтті. Ал бұл карантин шараларының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Соңғы 7 күнде Алматыда КВИ жұқтыратын негізгі орындар мыналар: сауда нысандарында – 35%, отбасылардағы байланыстар – 19%, қоғамдық көлікте қатынау – 16%, базарлар - 14%, саябақ пен халықтың демалатын жаяу жүргіншілер көшелері – 3,6% болды. Сонымен қатар инфекцияның нақты орындары анықталды.
Соңғы аптада туыстармен және көршілермен байланыс кезінде КВИ инфекциясы 0,2–0,4% өсті. Азық-түлік сатпайтын дүкендерде – 0,1% және қоғамдық тамақтану нысандарында, мейрамханаларда, дәмхана мен асханаларда – 0,2%, монша мен сауналарда – 0,4% өскені байқалды.
«Ashyq жобасына қатысушы нысандарға бару кезінде жұқтырғандардың үлес салмағы 106-дан 186 адамға дейін артты, бұл олардың кіреберістегі келушілерді бақылау жұмысын куәландырады. Жобаға деген осындай көзқарас ХҚО-да 16 адамды, сауналарда, бассейн мен фитнес-орталықтарда 11 адамды, мейрамханаларда, кафелерде 8 қала тұрғынын және банкет залдарында 5 адамды анықтады», – деді Ж. Бекшин.
Мегаполистің бас санитар дәрігері алматылықтардан міндетті түрде бетперде тағу, жұмыс бөлмесін, үй-жайларды үнемі желдетіп отыру, адам көп жиналатын орындарға бармауды өтінді. Инфекция күдігі туындаған жағдайда бірден дәрігердің көмегіне жүгініп, басқа адамдарға жұқтырмас үшін шектеу шараларын сақтау қажет.
Алматыда халық КВИ жұқтыратын негізгі орындар - дүкен-базарлар мен автобус
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}