Соңғы екі аптада Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны екі есеге артты. Елімізде жұқпалы ауруларға арналған төсек-орындардың 53% науқастармен қамтылған, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
1 шілдемен салыстырғанда елімізде жұқпалы және қарқынды терапия төсек-орындарының науқастармен толу деңгейі үш есеге өскені байқалады. Осыған байланысты төсек-орын сыйымдылығы 1,4 есеге ұлғайтылды. 28 шілдедегі жағдай бойынша елімізде жұқпалы ауруларға арналған төсек-орындардың 53% науқастармен қамтылған, реанимациялық төсек-орын 43% толы. Инфекциялық және қарқынды терапия төсек-орындарының артуы Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда облыстарында байқалады, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ОКҚ-дағы брифингіде.
Бірқатар аймақтарда инфекциялық және қарқынды терапия төсек-орындарының жетіспеушілігі орын алуы мүмкін. Тәуекел тобына Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және Ақтөбе, Ақмола және Қызылорда сынды бірқатар облыстар кіреді.
Министрдің айтуынша, денсаулық сақтау жүйесі екі еселенген жұмыс көлемімен жұмыс істеп жатыр. Егер өткен жылы аурушаңдық тәулігіне екі мың адамға дейін болса, биылғы шілдеде өсім үш еседен асқан. Емделіп жатқан науқастардың саны да екі есеге артты.
Бүгінгі күні елімізде 90 мыңға жуық адам ковидке шалдығып, ем алуда, оның 25 мыңға жуығы ауруханаларда, 65 мыңға жуығы амбулаториялық деңгейде ем алуда. Шілденің басымен салыстырғанда ковид науқастардың саны 2,1 есеге өсті. 1000-ға жуық науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, - деп түсіндірді Алексей Цой.
Кейбір өңірлердің ауруханаларында төсек-орын тапшылығы орын алуы ықтимал - Цой
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
28.07.2021
Более 80 уголовных дел возбуждено за подделку паспортов вакцинации и ПЦР-тестов в РК
28.07.2021
Токио Олимпиадасы: Елена Рыбакина жартылай финалға шықты
28.07.2021
Қазақстанның 5 қаласында карантин қандай шектеулермен күшіне енеді?
28.07.2021