Ресейде зейнеткер терезеден құлаған бүлдіршінді қағып алып, құтқарып қалды деп жазады A42.RU сайты.
Новокузнецк тұрғыны балақайдың терезеден құлап бара жатқанын дер кезінде байқап қалған. Бала құлаған сәтте пәтерде ата-анасы болыпты. Алайда олардың баласын ашық терезенің қасында қараусыз қалдырғаны анықталып отыр.
Әлеуметтік желілерде жария болған видеодан әжейдің екінші қабаттан құлауға шақ қалған балақайды байқап, терезеге қарай жүгіре жөнелгенін көруге болады. Ол құлаған балақайды қағып алып, оқыс жағдайдан құтқарып қалған. Сөйтіп ата-анасына табыстаған. Абырой болғанда, бүлдіршін кішігірім жарақаттармен ғана құтылған.
Ал полицейлер мен қоғам белсенділері зейнеткердің бұл әрекетін жоғары бағалап, оны марапатқа ұсынды деп жазады ren.tv. Әжейге алғыс хат, джаз-клубқа шақырту мен гүл шоқтары сыйға тартылған.
Еске салсақ, бұған дейін жүрегінің түгі бар азамат пойыздың астына түсуге сәл-ақ қалған баланы құтқарып үлгергенін жазған едік.
Өз өмірін қатерге тіге отырып, балақайды құтқарып қалған азамат ерлігі үшін түрлі марапаттар мен 664 доллар көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.
Одан бөлек, Қытайда өзенге құлап кеткен көліктің ішіндегі отбасыны жабыла құтқарған ер адамдар көпшіліктің мақтауына ие болғанын жазған болатынбыз. Көлік ішінде төрт адамнан құралған отбасы болған.
Терезеден құлаған бүлдіршінді қағып алған әжей жұрттың алғысына бөленді (видео)
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
28.07.2021
Токио Олимпиадасы: Бекзад Нұрдәулетов ресейлік боксшыдан жеңілді
28.07.2021
Қазақстанда көкөністер мен жеміс-жидек бір айда қаншаға қымбаттады?
28.07.2021
Интеллектуальные технологии особо востребованы для различных индустрий в Казахстане - Валерий Зубанов
28.07.2021