Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

Алматыдағы демалыс орындарының бірінде жалаңаш қыз күнге қыздырынды

Поделиться:
Алматыда күндізгі уақытта, адам көп жиналатын демалыс орындарының бірінде, жас қыз барлық киімдерін шешіп, тек ұятты жерлерін ғана жауып күнге қыздырынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күнге қыздырынған ханымның куәгерлер түсірген суреті Instagramжелісіндегі krisp_almaty парақшасында пайда болды.



"Жаңа алаңда! Қаннен қаперсіз тыр жалаңаш қыз жатыр. Айналасы толған кішкентай балалар мен жасөспірімдер. Осы суретті көрсе кейіпкер өзін танып ұяла жатар", - деп жазды куәгер.


Айтпақшы, желі қолданушылары бұл спектакльді әзілмен қабылдап, қыздың демалысына кедергі жасамауға шақырды.

"Жата берсін. Сізге қандай кедергі келтірді?"

"Иә, адамдар әйел денесін бірінші рет көріп тұр ғой. Бұл қандай тылсым дүние?".

"Ashiq бассейнге кіргізбеген кезде".

"Міне, адамдардың сен туралы ойын осылай білуге болады", - деп жазады пікір жазушылар.

Қоғамға немқұрайды қарамайтын азаматтардың шақыруымен демалыс орнына тәртіп сақшыларының келгенін хабарлады, Алматы полиция департаменті.

"Әйел Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также