Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

Тікелей көрсетілімдер, билеттер және тіпті токен: "Kaspersky" Олимпиада қарсаңында онлайн-алаяқтықтың негізгі схемаларын талдады

Поделиться:
Токиода Олимпиада ойындарының ашылуы қарсаңында "Kaspersky" осы маңызды спорттық оқиғаға байланысты онлайн-алаяқтықтың негізгі схемаларын зерттеді. Олардың ішінде жарыстарды тікелей көрсететін жалған сайттар, көрермендері жоқ трибунаға жарамсыз билеттерді сату және тіпті алғашқы жалған олимпиадалық токен бар.

Онлайн-көрсетілімдер

«Kaspersky»-дің сарапшылары Олимпиаданың онлайн көрсетілімін қарау ұсыныстары бар бірқатар фишингтік парақшаларды анықтады. Олардың кейбіреулерінде тіркеуден өту керек еді. Егер пайдаланушы мәліметтерді жалған сайтқа енгізсе, олар шабуылдаушылардың қолдарына түсетін. Сонымен қатар, пайдаланушы нысанын толтырғаннан кейін, олар зиянды БК-ны жүктеуге мәжбүр етуі мүмкін.

Жалған билеттер

Жапонияда енгізілген шектеулерге қарамастан, жарыстарға офлайн билеттерді сату схемалары әлі де тиімді болып қала береді. Сондай-ақ, сатып алынған билеттер үшін ақшаны қайтаруды ұсынатын жалған сайттар пайда бола бастады.

Олимпиадалық токендер

Алаяқтықтың тағы бір түрі Олимпиадаға қатысушы дарынды спортшыларды қолдау әдісі ретінде жарнамаланатын жалған виртуалды валютаны сату болды.

Олимпиадамен байланысты ұйымдар

Желіде Олимпиада ойындарымен байланысты әртүрлі ресми ұйымдарға, мысалы, жарыстардың ресми сайтына, сондай-ақ Халықаралық Олимпиада комитетінің парақшасына еліктейтін фишингтік сайттар пайда болды. Соңғысын зиянкестер, атап айтқанда, Microsoft сервистерін пайдаланушылардың есептік деректерін жинау үшін пайдаланады.

Ұтыс ойындары

Көптеген алаяқтық сайттарда Олимпиадаға арналған жалған ұтыс ойындары өтеді. Мысалы, сіз «"Олимпиада ойындарын көруге өте ыңғайлы"» теледидарды ұтып ала аласыз. Мұндай ресурсқа кірген кез-келген пайдаланушы «"жеңімпаз"» болады. Сыйлықты алу үшін сізге тек «"жеткізу ақысын төлеу"» керек. Дәл осы ақшаны алаяқтар өздерінің ықтимал құрбандарын алуға үміттенеді.

"Зиянкестер әрқашан танымал спорттық іс-шараларды шабуылдарда жем ретінде пайдаланады. Биылғы жылы Олимпиада өтетін елде коронавирусқа байланысты инфекциямен күресу үшін шектеулер енгізілгеніне қарамастан, зиянкестер өз мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысады. Сондықтан біз жанкүйерлерді сергек болуға және желіде кездесетін Олимпиада ойындарына қатысты кез-келген ақпаратты тексеруге шақырамыз",-дейді "Kaspersky"-дің контент-талдаушысы Ольга Свистунова.

Олимпиада тақырыбындағы фишингтен қорғану үшін "Kaspersky"-дің мамандары:

сілтемелерге өтпес бұрын, жіберілетін сайттың мекенжайын, сілтеменің өзін және жіберушінің электрондық поштасын мұқият тексеруді;

жеке деректерді енгізбес бұрын сайттардың түпнұсқалығын тексеруді және Олимпиада ойындарын көру үшін тек ресми беттерді пайдалануды;

зиянды қосымшаларды анықтайтын және Kaspersky Security Cloud Kaspersky Security Cloud сияқты фишингтік сайттарды бұғаттайтын сенімді қорғаныс шешімін пайдалануды ұсынады https://www.kaspersky.ru/security-cloud.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также