Грузияда қаза тапқан қазақстандық Әсел Айтбаеваның анасы қызымен соңғы рет не туралы сөйлескенін, Грузиядағы іс бойынша айыпталушы Бесик Тордуаның өлімі туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat ақпарат қызметіне сілтеме жасап.
Айсұлу Айтбаеваның сөзінше, қызы Грузияға кенеттен жиналып, ата-анасына кететінін айтқан. Соңғы рет анасы мен қызы 4 мамырға қараған түні бейнеқоңырау арқылы сөйлескен.
"Мен "Үйде жалғызсың ба?" деп сұрадым, ол "Иә, жалғызбын" деді. Бөлмені толығымен көрсетіп шықты. Бірақ мен бір нәрсеге күмәндандым. Біреу диванда жатқандай болып көрінді. "Маған сенің даусың ұнамай тұр. Әсел не болып жатыр?" дедім. Ол "Жарайды, менің ұйықым келді, анашым, кеттім, шаршап қалыппын" деді. Осыдан кейін оған қайта хабарластым, бірақ телефон алмады. Мен оған "жауап берші, қызым" деп жазып жібердім", - дейді Айсұлу Айтбаева.
5 мамырда таңертең Айсұлудың жұбайы қызы қайтыс болғанын білгенін хабарлайды.
Айсұлу Айтбаева мәйітханада қызының денесінен түсініксіз нәрселер байқағанын атап өтті.
"Қарасам бір сызық тұр (кеудесін көрсетті. - автор.). Ол ұстанып тұрған, тек футболка киген, саусақ іздері болды. Ал беті таза. Неге ісіктер жоқ деп ойладым. Оны өлтіріп, лақтырып жіберген. Әлі де бір нұсқа ойымнан кетпейді: адамды бір адам ғана лақтыра алмайды. Біреу оны екі ер адам тастағанын видеоға түсіріп алған", - дейді әйел.
Айтбаева Грузия азаматы Бесик Тордуаның айыптауы бойынша процесс әлі тоқтатылмайтынын хабарлады. Ал Мейірбеков бойынша барлық іс Қазақстанға тапсырылады.
"Грузиннің өлімі маған ештеңе берген жоқ. Бір ғана жұбанышым, ол да менің қызым сияқты соққыға жығылды. Бұл жай жүрек талмасы емес, басында гематомалар болды, денені ұрып-соғылған. Мен оны біреулер өлтірді деп ойлаймын", - дейді марқұмның анасы.
"Оны өлтірді деп ойлаймын" - Әсел Айтбаеваның анасы Грузиядағы айыпталушының қазасы туралы
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
21.07.2021
Тегін азық-түлік және тұрмыстық техника тарататын дүкен ашылды
21.07.2021
Мужчина с игрушечным пистолетом ограбил ломбард в Нур-Султане
21.07.2021
Данные более 30 тысяч казахстанских пользователей Telegram утекли в сеть
21.07.2021