Президент қатысуымен өткен жиында премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов 1 қазаннан бастап дәрігерлерге "ковидтік" үстемеақы төленбейтінін айтқан болатын.
"Тамыз-қыркүйек айларында 50% төленеді. Бұл жүйенің орнына 1 қазаннан бастап медицина қызметкерлерін қолдаудың өзге шаралары енгізіледі. Олар елдегі эпидемиологиялық жағдайға тәуелді болмайды" – деп жазады "Хабар 24" телеарнасы премьер-министр орынбасарына сілтеме жасап.
Тоғжановтың айтуынша, дәрігерлерге қаржылық қолдау өткен жылдың наурыз айынан бері көрсетіліп жатыр. Қазігі уақытқа дейін 229 миллиард теңге төленді.
Сұраныс жоғары бағыттағы медицина қызметкерлерінің жалақысы 9 санат бойынша көтеріледі. Әзірге әлі есептеліп жатыр. Бұл мақсатқа шамамен 14 миллиард теңге қажет болады.
Маусым айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев "ковидтік" үстемеақыға бюджеттен тағы 71,5 миллирд теңге бөлінетінін мәлімдеген болатын. Бұдан бөлек, денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлеріне психоэмоционалдық төлем жасайды.
1 қазаннан бастап дәрігерлерге "ковидтік" үстемеақы төленбейді
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}