Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

«Kaspersky»: пайдаланушылардың үштен бірінен көбі жұпты таңдауды озық технологияларға сеніп тапсыруға дайын

Поделиться:
«Kaspersky»-дің халықаралық зерттеуіне сәйкес, танысуға арналған қосымшалар туралы айтатын болсақ, пайдаланушылардың 44%-ы жұпты таңдау мәселелерінде машиналық оқыту алгоритмдеріне сенеді. Сонымен қатар, респонденттердің 64%-ы технологиялар өте жақсы жұмыс істейтінін және олардың қалауларын толығымен ескеретінін атап өтті.

Сондай-ақ, респонденттердің жартысынан көбі (54%) интернеттегі танысу қызметтері қолайлы жұпты табу процесін жеңілдетеді деп санайды. Респонденттердің белгілі бір бөлігі (43%) осындай қызметтердің алгоритмдері таңдаған адамдармен ғана кездесуге дайын.

Дегенмен, сұралғандардың 56%-ы технологиялар адамдардың бір-біріне деген қызығушылығының пайда болуына әсер ететін факторлардың барлық күрделілігін ескеретініне сенімді емес. Ал 39%-ы алгоритмдер бойынша жұпты іздеу адамдармен танысу мен қарым-қатынастан айырып (dehumanizing), жасанды болып табылады деп санайды.

«Біздің халықаралық зерттеуіміз көрсеткендей, машиналық оқыту технологиялары танысу қосымшаларында жұп іздейтін пайдаланушылар арасында танымал бола бастады. Жеке мәселелерді алгоритмдерге және жалпы жаңа технологияларға сеніп тапсырудың жоғары көрсеткіштерін ескере отырып, біз кибергигиенаны сақтауды және желіде тексерілген қорғаныс құралдарын пайдалануды естеріңізге салғымыз келеді: тексерілмеген сөйлесуші адаммен артық ақпаратпен бөліспеңіз, күмәнді хабарламалардағы сілтемелер бойынша өтпеңіз, бір нәрсе жасау уәдесіне ақша аудармаңыз» - мұндай пікірмен «Kaspersky»-дің Қазақстан мен Орталық Азиядағы коммерциялық директоры Валерий Зубанов бөліседі.

* Онлайн танысу қызметтерін пайдаланушылар арасында сауалнама «Kaspersky»-дің тапсырысы бойынша Sapio агенттігімен 2021 жылдың маусым айында жүргізілді. Оған бүкіл әлем бойынша 18 мыңнан астам респондент қатысты.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также