Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

3-4 миллионға той жасағанша, оны алғашқы жарна етіп салып қойған әлдеқайда дұрыс, - Асхат Қасенғали

Поделиться:
"Менің ойымша ұрпақтар арасында қарама-қайшылық артып келе жатқан сияқты. Әсіресе 90-жылдардан бері туған ұрпақ пен 50-60 жылдары дүние есігін ашқан ұрпақ арасында. Бұл көбіне салт-дәстүр мен той-томалақ мәселесіне келгенде көрініп қалып жатады. Өзім туыстар мен достар арасында жиі байқайтын бір-екі жайтты айта кетсем.

Мысалы екі жыл бұрын досым үйленді. Ол үйіне үлкендерді шақырып, жақында үйленетінін айтқан. Үлкендер бірден тойға кімді шақыратынын, қандай киіт, сарқыт, қоржын және басқа апаратынын талқылай бастапты. Сол сәтте әлгі досым «Ешқандай той керек емес, бар-жоғы 50-60 адам жиналып, кішігірім атап өтеміз. Ары-бері жүретін мата-пата, алтын-күміс, шапан-мапан қажет емес» десе керек. Әлгі жерде үлкендерден құралған ауыр артиллерия күйрете соққы беріпті. «Ол алғалы отырған қызың таныс отбасының қызы. Бір өңірденбіз. Талай тойға барғанбыз. 50-60 адам деген не сұмдық? Қай атаңды көріп едің тойға 60 адам шақырған. Тойды дүркіретіп жасаймыз. 250-300 адам келеді. Ертең бетімізге баспай ма?!

Шешім шығарар сен емессің, үйбәәй қайтед-ей» деп атқылап тастапты. Содан досым «Жақсы, 300 адамдық той-ақ болсын. Мен өзім жинаған қаржыға, біреуіңнен бір тиын алмай кішігірім атап өтпек едім, 300 адамға шамам келмейді. Ақыры абыройды ойлап отыр екенсіңдер, ендеше атыңдар миллионнан, 500 мыңнан. Той үшін кредит алмаймын, әке-шешеме де ауыр салмақ салмаймын» десе керек. Әлгі арқаланып, боратып отырған ауыр артиллерия үнсіз қалыпты. Снарядтары таусылыпты. Ақыры сол 60 адам жиналған кішігірім шығынсыз атап өту болыпты. Досымның туыстары әлі бұрқылдап жүр дейді.

Жалпы бұл бір ғана мысал ғой. Соңғы уақытта осындай жайттарды көп естимін. Және өзім де шығынсыз жиын дегенді қолдаймын. Жастар үлкен тойдан гөрі, шығынсыз атап өтіп, қаржыны саяхатқа, үй алуға немесе депозитке салып қоюға ұмтылатындары ұнайды. 3-4 млнға той жасағанша, оны алғашқы жарна етіп салып қойған әлдеқайда дұрыс қой. «Той өзін шығарып алады» деген психологиядан да аулақ болғым келеді. Әсіресе қазіргі пандемиялық кезеңде. Мүмкін қателесермін, бірақ дәл осы позициямды, ұстанымды балаларға да сіңіріп тастауды ойлап жүрмін".

Блогер Асхат Қасенғалидің желідегі жазбасы

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также