Балаларды енді тек мектеп қабырғасында ғана емес, үйде де кітап оқуға да мәжбүрлейді. Алайда оларға кітапты мәжбүрлеп оқытудың қажеті жоқ, бұл мектептің жазға берген әдебиетіне де қатысты. Кітаптарға деген махаббатты қалай оятуға болады? Бұл сұраққа балалар оқуының маманы және жазушы Юлия Кузнецова жауап береді.
Мәжбүрлеп оқытуды қойыңыз
Кітап оқу ықыласы іштен оянады, сол себептен балаға 6-7 жасынан бастап кітап оқытқызу дұрыс емес. Балаға тіпті “кітап оқуға міндетіссің” деген сөзді абайлап айтқан жөн, бұл сөзді оған 5-6 сыныптан бастап, мектеп әдебиетіне қатысты айту керек. Бала өздігінен кітап оқуды қаламаса, уайымдаудың еш қажеті жоқ.
Балаларыңызбен өзіңіз оқыған кітаптар жайлы сөйлесіңіз
Ата-аналар балаларының алдында кітапты сирек оқиды. Өзіңіз кітап оқып отырған сәтте балаңызды әңгімеге тартып көріңіз. Сонымен қатар балаларыңыздың жанында кітап жайлы басқа адамдармен, мысалы жарыңызбен немесе достарыңызбен талқылаңыз. Балаңыз осындай әңгімелерді естіп, кітаптарға деген қызығушылығы оянуы мүмкін.
Дауыстап оқыңыз немесе мәтінді диктофонға жазып қойыңыз
Ата-аналар күні бойы жұмыс жасайды. Жұмыстан үйге келген соң балаларына кітап оқиды, бұл өте қызықты әрі ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтатын іс-әрекет. Балаларға ұйықтар алдында 10-15 минут бойы ертегі оқу әдетін дамытуға тырысыңыз. Ал ондай мүмкіндігіңіз немесе уақытыңыз болмаған жағдайда мәтінді диктофонға жазып, қосып отырыңыз.
Балаңыз мектепте берілген жазғы әдебиетті оқымады деп уайымдамаңыз
Аталған тізімді алдыңызға қойып, оның ішіндегі балаңыздың нақты оқымайтын кітаптардың атауын сызып тастаңыз. Мұғаліммен ақылдасып балаңыздың қандай кітаптарға қызығатытын біліп алыңыз. Тізімнен баланың ұнатпайтын, сонымен қатар оқыған және жатқа білетін кітаптарын алып тастаған жөн. Балаңызға тізімді дауыстап оқып, қандай кітапты қалайтынын сұраңыз.
Дереккөз: nashideti.temaretik.com
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии